№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық онлайн сайысы
10
декабрь
2020

«Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық онлайн сайысы

Алматы қаласы Білім басқармасы  №1 Оқушылар үйінің

ұйымдастыруымен өткен «ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» атты танымдық-интеллектуалдық онлайн сайысы


Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінің ұйымдастырумен 2020 жылдың  10 желтоқсанында қалалық «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық онлайн сайысы өз дәрежесінде өтті.

Байқаудың мақсаты: Қазақтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына деген жасөспірімдердің қызығушылығын оята отырып, білімді де білікті оқушылардың білімдерін шығармашылықпен ұштастыру, насихаттау, өзара достық қарым-қатынас орната отырып, өзге оқушыларға үлгі ету.

Білім сайысы қала мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасында өтті. Әр ауданнан іріктелген 8 команда сайыстың 9 кезеңі бойынша онлайн сайысқа түсті. Әр команда 3 оқушыдан құралған. Сайыс төмендегідей кезеңдерден тұрды.

1-кезең: «Жаңғырық», Zoom платформасы арқылы, онлайн;

2-кезең: «Жыр-дария», Zoom платформасы арқылы, онлайн;

3-кезең: «Сөз асылы», бейне диалог көрініс, қашықтықтан;

4-кезең: «Өнеге», бейне көрініс, қашықтықтан;

5-кезең: «Жәдігер», Zoom платформасы арқылы, онлайн;

6-кезең: «Мақал-сөздің мәйегі», Zoom платформасы арқылы, онлайн;

7-кезең: «Шамшырақ», Zoom платформасы арқылы, онлайн;

8-кезең: «Мирас», Zoom платформасы арқылы, онлайн;

9-кезең: «Сарын», түрлі өнер түрлерінен бейне көрініс.

Сайыстың  «Сөз асылы», «Өнеге», «Сарын» кезеңдерінің бейнетапсырмалары алдын ала жинақталып, әділ қазылар алқасына ұсынылды.

Әділ қазылар құрамы қазақтың тілі мен әдебиетіне зор үлес қосқан белгілі қаламгер азаматтардан құралған. 

1. Дәрібаев Самалбай Дәрібайұлы - Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

2. Сарбасов Болатхан - Қазақ Педагогикалық  университенінің қазақ әдебиеті кафедрасының  меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.

3. Жылқыбай Досхан - жазушы, Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі.

«Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық онлайн сайысын №1 Оқушылар үйінің «Өркен» ансамбльі Құрманғазының «Адай» күйімен ашты. Жетекшісі Манатауова Ғалия Қалымбетқызы. 

Сайыстың алғы сөзін Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар үйінің директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы жүрекжарды тілегін айта келе, қатысушы командаларға шабыт пен сәттілік тіледі.

Сайысқа 8 команда қатысты:

1. Алатау ауданы №185 ЖББМ «Мұзбалақ» тобы;

2. Әуезов ауданы №126 лицей «Қарлығаш» тобы;

3. Бостандық ауданы №140 М.Мақатаев атындағы гимназия «Топжарған» тобы;

4. Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназия «Алдаспан» тобы;

5. Бостандық ауданы №93 ЖББМ «Болашақ» тобы;

6. Әуезов ауданы №123 Қ.Яссауи атындағы мектеп-гимназия «Алғыр арулар» тобы;

7. Бостандық ауданы №138 гимназия «Тұлпар» тобы;

8. Бостандық ауданы №92 лицей «Білімділер» тобы.

Әділқазылар алқасы әрбір бөлімді минималды 1 максималды 10 баллдық жүйемен бағалай келе қорытынды сыни ескертпелерін де айтып өтті.


«Тоғыз тосқауыл» интеллектуалды онлайн сайысына тағайындалған мадақтамалар мен жүлделер:

 


Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша:


І орын - Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының «Алдаспан» тобы:




ІІ  орын - Бостандық ауданы №140 М.Мақатаев атындағы гимназияның «Топжарған» тобы:




ІІІ  орын - Әуезов ауданы №123 Қ.Яссауи мектеп-гимназияның «Алғыр арулар» тобы марапатталды:




Алатау ауданы №185 ЖББМ «Мұзбалақ» тобы:




Әуезов ауданы №126 мамандандырылған лицей «Қарлығаш» тобы:




Бостандық ауданы №93 ЖББМ «Болашақ» тобы:




Бостандық ауданы №138 гимназия «Тұлпар» тобы:



Бостандық ауданы №92 мамандандырылған лицей «Білімділер» тобы:

 
 

«Тоғыз тосқауыл» онлайн сайысына белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды.   


Сонымен қатар, «Тоғыз тосқауыл» интеллектуалдық онлайн сайысына белсене қатысып:

- «Жаңғырық» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Бахытова Ақжібек Берікқызы Алатау ауданы №185 ЖББ мектептің 9 «Б» сынып оқушысы;

- «Жыр-дария» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Есжан Шыңғыс Бостандық ауданы №92 Махатма Ганди атындағы  мамандандырылған лицейдің 10 «Б» сынып оқушысы;

- «Сөз асылы» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Бисембаев Мирас Бауыржанұлы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназия оқушысы;

- «Өнеге» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Бисенғали Айсер Ерболатұлы Бостандық ауданы №140 М.Мақатаев атындағы гимназия оқушысы;

- «Жәдігер» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Аманкелді Шолпан Жандосқызы  Бостандық ауданы №138 М.Базарбаев атындағы гимназия оқушысы;

- «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Ырғабай Ұлсүйер Бақтыбекқызы Бостандық ауданы №93 ЖББМ оқушысы;

- «Шамшырақ» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Бейсенқұл Аружан Әуезов ауданы №126 лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы;

- «Мирас» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Қырғызбай Фарида Мейрамбайқызы Әуезов ауданы №123 Қ.Яссауи атындағы мектеп-гимназия оқушысы;

- «Сарын» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен Көпбаева Аружан Әуезов ауданы №126 мамандандырылған лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы мадақтамамен марапатталды.

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен өткен қалалық «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық онлайн ойынына қатысқан барлық командалар, команда жетекшілері, әр кезең бойынша ерекше көзге түскен оқушылар Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қ.І. бекіткен МАДАҚТАМАМЕН марапатталып және жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алған «Алдаспан», «Топжарған», «Алғыр арулар» команда мүшелеріне МЕДАЛЬДАР табысталды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив