Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай өткізілген Қалалық тоғызқұмалақ жарысы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай өткізілген
Қалалық тоғызқұмалақ жарысы
Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Алғашқы тоғызқұмалақ тақталарының көріністері тасқа қашалып, алғашқы мәліметтер ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетіні рас. Қай кезеңде болсын, еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары, рухани жетекшілері, қоғам қайраткерлері ұлт мәдениеті алдындағы жауапкершілікті сезініп, көмескі тарта бастаған асыл мұраларын сақтап, қайта жаңғыртуға үлес қосып келеді. Осы ұлттық ойынды әрі қарай заманға сай етіп дамыуда, сақтауда мектеп бағдарламасында тоғызқұмалақ жарыстарының орыны ерекше болмақ. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай желтоқсанның 12 күні №1 Оқушылар үйінде қалалық тоғызқұмалақ жарысы өтті.
Бұл жарыс Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық денешынықтыру және спорт оқу – тәжірибелік орталығы» және №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен ХХІІ –қалалық Спартакиада аясында өткізілді.
Қазір елімізде тоғызқұмалақпен айналысатындар саны 200 мыңнан асты, оның 9 мыңдайы кәсіби спортшылар. Жыл сайынғы ұлттық деңгейдегі додаларға екі мыңнан астам, аймақтардағы жарыстарға тоғыз мыңға жуық кәсіби спортшы түседі. Қазіргі таңда тоғызқұмалаққа ден қойғандарың басым бөлігі – жастар. Ресми деректер бойынша, мектеп жасындағы 190 мыңнан артық бала тоғызқұмалақ ойнайды. Мектептерде 10 мыңнан астам үйірме бар. Спорт мектептеріндегі 127 тоғызқұмалақ бөлімшесінде 300-ден астам жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер ұлттық спортымыздың біртіндеп дамып және кең таралып келе жатқандығының көрінісі.