«Спорт –біздің досымыз»
Қосымша білім беру ұйымдарының құрылғанына 100 жыл толу аясында күзгі демалыс
кезінде өткізілген «Спорт –біздің досымыз»
үйірмешілер арасындағы спорттық жарыс
Қосымша білім берудің 100 жылдығына арналған күзгі демалыс кезінде өткізілген бұқаралық іс-шаралардың бірі балаларға арналған спорттық ойындар жарысы болды. 29 қазан күні №1 Оқушылар үйінің спорт залында үйірмешілер арасында «Спорт- біздің досымыз» атты демалыс күндеріне арналған спорттық жарыс өтті. Балалар оқу арасында бой сергітіп, салауатты өмір салтына деген өз белсенділіктерін көрсетті.
Жарыс кезіндегі допқа талас
Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылды.
Флешобты ұйымдастырушы спорт үйірмесінің жетекшісі Хамитов. Ж мен Тегимбаев. Н болды. Олар бұл спорттық жарысты ойын күйінде өте жоғарғы деңгейде өткізді. Бұл жарысқа сурет мен қолөнер және домбыра, шахмат үйірмелері тобындағы барлық оқушылар белсене қатысты.
«Спорт- біздің досымыз» үйірмешілер арасындағы спорттық жарыста «А» командасы жеңіске жетті. Бірақ «А» және «Б» командаларының достығы ол бәрінен де биік болды. Яғни, бұл жарыста олардың шын достығы жеңді. Бұл тек қана спорттық жарыс ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың ұйымшыл болуына да өз ықпалын тигізді.