№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » "Жыр алыбы-Жамбыл" атты аудандық жас ақындар айтысы
19
февраль
2019

"Жыр алыбы-Жамбыл" атты аудандық жас ақындар айтысы

«Жыр алыбы-Жамбыл» атты  аудандық   жас  ақындар айтысы


2019 жылы 12 ақпанда сағат 14.00- де  №1 Оқушылар үйінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «2019 жыл-Жастар жылына» орай аудан мектептерінің арасында өткен «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жас ақындар айтысы өтті. Ж.Жабаевқа арналған жас ақындар айтысы ақынның шығармашылығын насихаттау, оқушылардың суырып-салмалық қабілеттерін, тума-талант, табиғи дарынын анықтау, поэзияға деген құштарлығын  арттыру. Оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы  ақындық  өнерді дамыту,  ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, айтыс өнерінің суырыпсалмалық  қасиетін насихаттау болды.

Аудандық «Жыр алыбы-Жамбыл»  атты жас  ақындар айтысына №181,164,169,149 ЖББ мектеп оқушылары қатысты. Олар бір-бірімен жұптасып бақ сынасты. Айтыстың қорытындысы бойынша  алға озып шыққан №169 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Мадетова Асель болды. Қалған оқушылар белсене қатысқаны үшін марапатталды.

1. №169 мектеп-лицей оқушысы Мадетова Әсель; жетекшісі: Кулаева Тазагуль

2. №149 ЖББ  мектеп оқушысы Жәнібек Гулмира; жетекшісі: Жонусов Мерхат 

3. №164ЖББ мектеп оқушысы Оразбай Аруна; жетекшісі: Қайыңбаева Д.

4. №164ЖББ мектеп оқушысы  Бекболатұлы Аян ; жетекшісі: Алдабекова Г.

5. №181ЖББ мектеп оқушысы Алтынғазы  Мөлдір; жетекшісі: Карібай А.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив