№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » Маңғыстау облысындағы ғылыми жоба қатысушыларының келуі
15
февраль
2019

Маңғыстау облысындағы ғылыми жоба қатысушыларының келуі

Маңғыстау  облысының ғылыми жоба қатысушыларына  арналған   концерт Алматы қаласы, Алатау ауданы   №1 Оқушылар үйінде өтті. 

Қазақ ұлттық - дәстүрге байланысты, патриоттық   рухты  көтеретін күй әндер, билер биленді. Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра. Кешімізді қоңыр дауысты қара домбырамызбен бастағанымыз дұрыс деп алғаш болып «Ұлы дала сазы» атты домбыра ансамбльі көш бастады. Ұлттық  дәстүр жас өнерпаздардың жанына жақын болғанын баланың  балаң сезімінен, арманшыл жүректің қиялынан, отанға деген махаббатынан көре аламыз.  Ұлттық нақышта жасалған киім үлгілері мен жүректі  тебірентер әндері ерекше үйлесім табады.  

Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалып, вокалдық деңгей көрсетілді.Таңдайынан бал тамған мектебіміздің  кішкентай  да өнерлі әншілері өз өнерлерімен алыстан ат терлетіп келген қонақтарымызды қарсы алды. 

Қыз – жігіттер араласып бидің өте жоғарғы деңгейін көрсете отырып, елбасымыз айтып кеткендей 2019 жыл «Жастар» жылы демекші   жас өнерпаздарымыз  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне орай «ЖасStar» театры Поэзия парағынан... деп аталатын көрінісін паш етті. Бұл қойылымда ән де, би де, өлең де оқыды.  Сахнаға шыққан әр оқушының оттай жалындаған көздерін көріп тұрып бұдан да көп жұмыс жасағын келе береді. Әрине, баланың жетістігі ең бірінші ол ұстаздың жетістігі. 

Осылайша концертіміз өте жоғары деңгейде өтті. Маңғыстаулық қонақтар жас өнерпаздардың өнеріне таңқалып, оларға тек сәттілік тіледі. 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив