«Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны
«2019 - ЖАСТАР ЖЫЛЫ» аясында
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының
15-16 жастағы оқушылары арасында өткен қалалық
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойындары 25 сәуір 2019 жылы 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Спартак» стадионында өтті.
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойынына Алматы қаласының әр ауданынан төмендегідей командалар қатысты:
1. Алатау ауданы - №180 ЖББ мектептің «Жас ұлан» командасы;
2. Алмалы ауданы - №128 ЖББ мектептің «Сеңгір» командасы;
3. Әуезов ауданы - №42 ЖББ мектептің «Сұңқар» командасы;
4. Бостандық ауданы - №189 ЖББ мектептің «Алау» командасы;
5. Наурызбай ауданы -176 мектеп-гимназиясының «Алау» командасы;
6. Медеу ауданы - №28 мектеп-лицейдің «Ұлан» командасы;
7. Жетісу ауданы - №148 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» командасы;
8. Түркісіб ауданы - №49 ЖББ мектептің «Ұлан» командасы;
9. Бостандық ауданы -№70 ЖББ мектептің «Айбын» командасы;
Ойынға қатысушы оқушылар саны – 81 адам, іс-шараға қатысушылардың жалпы саны - 150 адам.
Әскери-спорттық ойынның негізгі кезеңі Спартак стадионының алаңында аудан командаларының сап түзеп, ресми түрде ашылуымен басталды. Ойын алдында әділқазылар алқасы таныстырылып, Алматы қаласы Білім басқармасының «Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану» бөлімінің жетекшісі -Тау Нұргүл, «Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану» бөлімінің әдіскері - Ибраимов Кәдірбек Ражанұлы, Алматы қаласы Білім басқармасының «№1 Оқушылар үйі» директоры Кожахметов Дауирхан Сейдалыұлына құттықтау сөз беріліп, командаларға сәттілік тіледі.