№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Айтыс - сөздің майданы» атты жас ақындар айтысы
25
сентябрь
2020

«Айтыс - сөздің майданы» атты жас ақындар айтысы

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық» мерейтойына арналған «Айтыс - сөздің майданы» атты жас ақындар айтысы


Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық» мерейтойына орай «АЙТЫС - СӨЗДІҢ МАЙДАНЫ» атты қалалық жас ақындар айтысы болып өтті.



Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйі директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы айтысқа қатысушы жас ақындарға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдіруде.



Айтыс қазанында қайнаған, қаспағын қырып, майын жалаған танымал жас, әрі сақа ақындар айтысқа әділ қазылық етті:

Оразбаев Болатбек Мейірбекұлы - Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі, Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері, айтыскер ақын.
Таушова Жаңылсын Шаяхметқызы - Телевизиялық бағдарламалар редакторы, журналист, айтыскер ақын.
Тұрсынбай Айтбек - Республикалық, Халықаралық жастар мен студенттер арасындағы айтыстардың жүлдегері, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі, айтыскер ақын.


Айтысқа 6 үміткер қатысты.
  1. Серік Елдос - Алматы қаласы Бостандық ауданы №140 М.Мақатаев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы.
  2. Баймұхан Мейрамбек - Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 ЖББ мектептің 9 сынып оқушысы.
  3. Батырхан Інжу Сакенқызы - Алматы қаласы Бостандық ауданы №145 ЖББ мектептің 5 сынып оқушысы.
  4. Атаназаров Нұрбол - Алматы қаласы Алатау ауданы №156 ЖББ мектептің 10 сынып оқушысы.
  5. Бексұлтан Дарын - Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 ЖББ мектептің 10 сынып оқушысы.
  6. Нұрболат Айдана – Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінің «Інжу маржан» дәстүрлі ән үйірмесінің оқушысы.

Айтыс - «Бастау», «Ширату» атты  айналымдардан тұрды. Бірінші айналым еркін тақырыпқа құрылса, екінші айналым «Абай Құнанбайұлына 175 жыл» толу мерейтойына арналды. Айтыскерлердің жұбы жеребе тастау арқылы анықталды.


Бірінші жұп: Баймұхан Мейрамбек пен Бексұлтан Дарын


Екінші жұп: Атаназаров Нұрбол мен Батырхан Інжу


Үшінші жұп: Серік Елдос пен Нұрболат Айдана бақ сынасты


6 үміткерден 4 үміткер екінші айналымға жолдама алып, жеребе арқылы жұптары анықталды.

Бірінші жұп: Батырхан Інжу Сакенқызы және Бексұлтан Дарын

Екінші жұп: Серік Елдос пен Баймұхан Мейрамбек 

Екінші айналымнан жеңген Серік Елдос және Батырхан Інжу бір-бірімен  тақырып бойынша қайым айтыс жасап, 

Бас жүлде мен 1-орынға бақ сынасты.


Әділ қазылар жас ақындарға пайдалы кеңестерін айта келіп төмендегідей қорытынды шешім шығарды.

«Абай Құнанбайұлына 175 жыл» толу мерейтойына арналған 

«Айтыс - сөздің майданы» атты қалалық жас ақындар айтысында әділ қазылардың әділ шешіміне сай:


Бас жүлдені - Алматы қаласы, Бостандық ауданы №140 М.Мақатаев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Серік Елдос қанжығасына байлады.

Бірінші орынды - Алматы қаласы Бостандық ауданы №145 ЖББ мектептің 5 сынып оқушысы  Батырхан Інжу Сакенқызы жеңіп алды.

Екінші орынмен - Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 ЖББ мектептің 10 сынып оқушысы Бексұлтан Дарын марапатталды.

Үшінші орынға - Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 ЖББ мектептің 9 сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек иеленді.

Сонымен қатар, жас ақындарға жол көрсетіп, айтысқа дайындаған жетекші ұстаздарына Алматы қаласы Білім басқармасынан «Алғыс хаттар» табысталды.


Қорыта келе: Алматы қаласы, Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болашақ жас ақындарды қолдау мақсатында «Айтыс - сөздің майданы» жас ақындар айтысының өтуі дәстүрге айналған игі іс-шараның ауқымы кеңіп келе жатқаны сөзсіз.

«Айтыс - қазақтың сөз өнері», сондықтан айтысты жаңғырту келер ұрпақтың міндеті!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив