№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке - алтын діңгек» атты байқауы
04
ноябрь
2020

VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке - алтын діңгек» атты байқауы


«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке – алтын діңгек» атты байқауы


Оқушылар үйінде 04.11.2020 жылы сағат 15:00 де «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында VIII Әкелер слеті аясында «Әке – алтын діңгек» атты байқау ZOOM платформасы арқылы өтті. 

VIII Әкелер слетінің мақсаты: отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастырудағы әкенің рөлін, ұлт болашағы үшін ұрпақ алдындағы жауапкершілігін арттыру.

VIII Әкелер слетінің міндеттері: 

  • балалар мен жастар тәрбиесіндегі әкелердің рөлін арттыру;
  • ұлт болашағы үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру;
  • әр отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі басым екендігін айқындау.

ZOOM платформасы арқылы байқаудың өту сәті


VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке – алтын діңгек» атты байқауына әр ауданнан 25-35 жас аралығындағы үлгілі, қоғамдық өмірде белсенді, өнерлі, спортшы т.б. жас әкелер мектеп жасындағы ұл баласымен бірге қатысты.

VIII Әкелер слетін Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйі МКҚК директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы ашып, барша сайыскерлерімізге сәттілік тіледі.


ZOOM платформасы арқылы директордың байқауды ашу сәті


Байқау 4 кезеңнен тұрды:

      1. «Отбасым - бақыт ордасы» таныстыру кезеңі. Таныстырылым (презентация)  қатысушының еркіне қарай, әуенді, қара өлеңмен, мәтін түрінде алдын ала видеоға түсіріліп dom_shk_1@mail.ru электронды поштасына 25 қазанға дейін жіберілді.

2. «Әке көрген оқ жонар» зияткерлік кезең барысында байқауға қатысушылар төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына, салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетімізге, ұлттық құндылықтарымызға байланысты сұрақтарға ZOOM платформасы арқылы жауап берді.

а) Қазақтың ұлттық киімдері, киім кию үлгісі жайлы сұрақтар;

ә) Қазақтың етті мүшелеу және табақ тарту тәсілі туралы сұрақтар;

3. «Өнерлі жігіт өрде озар» кезеңінде байқауға қатысушы әкелі-балалы өз өнерін алдын ала видеоға түсіріп, dom_shk_1@mail.ru электронды поштасына 25 қазанға дейін жіберді.

4. «Ең шымыр әке» - спорттық жарыс. Бұл бөлім бойынша байқауға қатысушылар ZOOM платформасы арқылы, 1 минутта қанша рет гір тасын жұлқып көтеретінін көрсетті. 


VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке – алтын діңгек» атты байқауына төрешілік еткен әділқазылар алқасы:

  1. Хайранов Мелятхан – кәсіпкер, «Asia Business group & Partners» Холдингінің президенті.
  2. Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы – Филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, 500 ден астам ән мен ән өлеңдерінің авторы, Президенттік сыйлықтың иегері.
  3. Тілеубаев Советхан – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі.


VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке – алтын діңгек» атты байқауында бақ сынаған Асқар тау – Әкелер мен балалар:

  1. Иманбаев Дәурен - Алматы қаласы, Білім басқармасы №2 Оқушылар үйі және ұлы Елеусіз Қуаныш Алмалы ауданы №167 ЖББМ 8-сынып оқушысы; 
  2. Нәжіпхан Бақытжан - Алматы қаласы, Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінің ұстазы, Нәжіпхан Нұрасыл №149 ЖББМ 3-сынып оқушысы;
  3. Кудеков Қанат Махытбекұлы - Қазақтелерадио күзет басшысы және Алматы қаласы Білім басқармасы №7 Оқушылар үйінің ата-анасы, Қанатқызы Қарақат алматы қаласы Түрксіб ауданы №115 ЖББМ 7-сынып оқушысы;
  4. Асимбаев Ербол Бірлесұлы - наубайханада жүргізуші және Бірлес Қайсар Ерболұлы Алматы қаласы Бостандық ауданы №10 ЖББМ 4- сынып оқушысы;   
  5. Крыкбаев Айбек Куатбекұлы - МВД академиясының кезекші инспекторы және Қуатбек Диас Айбекұлы Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ 2-сынып оқушысы;
  6. Қалдыбаев Азамат Көпсекбайұлы - Алматы қаласы Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясының ата-анасы және Көпсекбай Мырзатай №201 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы; 
  7. Сыдықов Айдос Жомартұлы және Жомарт Айбын Айдосұлы Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББМ 2-сынып оқушысы;
  8. Хумарбек Еламан - Алматы қаласы Алатау ауданы №169 МЛ мұғалімі және Еламанұлы Ислам №169 МЛ 1-сынып оқушысы;
  9. Ибрайымқұлов Еркебұлан - Алматы қаласы Түрксіб ауданы №6 Оқушылар үйінің ата-анасы ұлы Арипжан Әлихан №19 ЖББМ 2-сынып оқушысы
  10.  Рысбек Мұрат - Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ ата-анасы, ұлы Әбілхан Нұрислам №84 ЖББМ 5-сынып оқушысы;


VIII Әкелер слеті аясында өткен «Әке – алтын діңгек» атты байқауының кезеңдері бойынша, яғни I-кезең «Отбасым-бақыт ордасы» таныстыру кезеңі және III-кезең «Өнерлі жігіт өрде озар» кезеңдері бойынша сайыскерлеріміздің бейнежазбалары 25 қазанға дейін алдын-ала жіберіліп, әділ қазы алқасының назарына ұсынылған болатын. Оның нәтижесі байқаудың қорытынды және марапаттау сәтінде   жарияланды.















Ал II-кезең «Әке көрген оқ жонар» зияткерлік кезең барысында әкелер ZOOM платформасы арқылы сұрақтарға барынша жауап беруге тырысты және бұл кезең бойынша да сүрінген және оқ бойы оза шапқан әкелеріміз болды. 

IV-кезең «Ең шымыр әке» - спорттық жарыс кезеңі бойынша ZOOM платформасы арқылы 1 минуттың ішінде гір тасын жұлқып көтере отырып күштерін сынаған әкелеріміздің ішінен сүрінбей өткен әкелеріміз де аз болмады. IV-кезең де өз мәресіне жетіп, қазылар алқасы қорытынды шығаруы үшін 10 минуттық үзіліс жарияланды. Үзілістен соң ZOOM платформасына барша қатысушыларымыз бен әділ қазылар алқасы қайта оралды.





Гір тасын көтеру сәті





Марапаттау сәті


Байқау жеңімпаздары ZOOM платформасы арқылы қазылар алқасының шешімімен жарияланып, Алматы қаласы білім басқармасы бекіткен Бас жүлде, I, II, III орын дипломдарымен қоса бағалы сыйлықтар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

ZOOM платформасы арқылы қазылар алқасына сөз беріліп, нәтижесі жарияланды. Ал, мадақтамалар мен жүлделі сыйлықтарды сайысқа түскен әкелер №1 Оқушылар үйінен келіп, директор Кожахметов Дәуірхан Сейдалыұлының өз қолынан алып кетті.

Сайыста оқ бойы оза шауып, намысын қорғап катысқан сайыскер әкелер мынадай жүлделі орындар мен сыйлықтарға ие болды:


  1. Бас жүлде (Теледидар) - Кудеков Қанат Махытбекұлы Алматы қаласы Білім басқармасы №7 Оқушылар үйінің ата-анасы, Қанатқызы Қарақат алматы қаласы Түріксіб ауданы №115 ЖББМ 7-сынып оқушысы;
  2. І ОРЫН (Дыбыс күшейткіш калонка) Ибрайымқұлов Еркебұлан Алматы қаласы Түрксіб ауданы №6 Оқушылар үйінің ата-анасы, ұлы Арипжан Әлихан №19 ЖББМ 2-сынып оқушысы;
  3. ІІ ОРЫН («Asel» тәтті тағамдар пісіретін пеш) - Рысбек Мұрат Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ ата-анасы, ұлы Әбілхан Нұрислам №84 ЖББМ 5-сынып оқушысы;
  4. ІІІ ОРЫН (Термапот) - Крыкбаев Айбек Куатбекұлы және Қуатбек Диас Айбекұлы Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ 2-сынып оқушысы;


  1. «Белсенді отбасы» номинациясы (элект.шәйнегі) - Қалдыбаев Азамат Көпсекбайұлы Алматы қаласы Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясының ата-анасы және Көпсекбай Мырзатай №201 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы; 
  2. «Үлгілі отбасы» номинациясы (элект.шәйнегі) - Хумарбек Еламан Алматы қаласы Алатау ауданы №169 МЛ мұғалімі және Еламанұлы Ислам №169 МЛ 1-сынып оқушысы;
  3. «Өнерлі отбасы» номинациясы (элект.шәйнегі) - Нәжіпхан Бақытжан   Алматы қаласы, Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінің ұстазы, Нәжіпхан Нұрасыл №149 ЖББМ 3-сынып оқушысы;
  4. «Спортшылар отбасы» номинациясы (элект.шәйнегі) - Сыдықов Айдос Жомартұлы және Жомарт Айбын Айдосұлы Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББМ 2-сынып оқушысы; 


Иманбаев Дәурен Алматы қаласы, Білім басқармасы №2 Оқушылар үйі және ұлы Елеусіз Қуаныш Алмалы ауданы №167 ЖББМ 8-сынып оқушысы, сонымен қатар Асимбаев Ербол Бірлесұлы  және  ұлы Бірлес Қайсар Ерболұлы Алматы қаласы Бостандық ауданы №10 ЖББМ 4 - сынып оқушысы – белсенді қатысқандары үшін мадақтама тапсырылды.


БАС ЖҮЛДЕ иегері атанған отбасын марапаттау сәті.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив