№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
28
октябрь
2024

“Даму” дебат клубы


Бүгінгі таңда білім мен білікті үнемі арттырып отыру маңызға ие. Білім алушылардың таным көкжиегі мен өзіндік ойын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті меселелерінің бірі Қоғамның дамуы біз көрсеткен жолмен білім алушылардың жүруі, сапалы біліммен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Осындай білім мен білікті дамытудың тағы бір жолы ол - пікірсайыс болып табылады. Пікірсайыс - білім алушының ойын ортаға сала білуіне, критикалық ойлау қабілеттерінің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты оң мен терісті саралауға көмектеседі. Мен Есенбекова Қаракөз Сәрсенқызы негізі мамандығым биология пәні мұғалімі бакалавр және магистратура Абай атындағы ҚазҰПУ бітіргенмін. Жалпы педагогикалық өтілім 3 жыл. Пікірсайыспен 10 сыныптан бастап айналысып келемін, пікірсайыс тренері қызметін бүгінде атқарып жүрмін. Пікірсайыс бойынша оқушыларымның жеткен жетістіктері де бар. Пікірсайыс үйірмемде білім алушыларға шешендік өнер, даму, түрлі тақырыптардағы кейстер құру, аргументациялармен жұмыс бағдарларын қарастыратын боламын.Пікірсайыс үйірмем 7-11 сыныптар аралығында жүргізіледі, қазақ тілінде.Пікірсайыс сізге ұнаса, үйірмеге қосылуға шақырамыз!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив