15
октябрь
2024
Қарттарым - қазынам!
Қоғамның зерделі қарттары бүгінгі жастардың таптырмас асыл қазынасы болып саналады. Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүрді 1 қазанда болатын Халықаралық қарттар күні айқындайды.
💭Қарттар күні – еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, халқымыздың болашағы үшін тер төккен алдыңғы буын аға-апаларымыздың мерейлі төл мерекесі.
💭 Атаулы күні «N°1 Оқушылар үйінің» ұстаздары мен шәкірттері «ШАҢЫРАҚ» әлеуметтік қызмет орталығының аяулы жандарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
💭Мерекелік іс-шарада «N°1 Оқушылар үйінің» шәкірттері өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би биледі.
💭Қазыналы қарттарымызға бүгінгі ұрпақ үшін жасаған барлық жақсылығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болғай!