03
сентябрь
2025
«Менің жүрегімдегі жеңіс»– Ұлы Жеңіске 80 жыл!

🔺 «№1 Оқушылар үйінде» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің жүрегімдегі жеңіс» атты Алатау аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Бұл ерекше шара ерлік пен батырлықты дәріптеп, елін қорғаған батырларға деген құрметті арттыруға арналды.
🔺Кеш шымылдығын «Өркен» домбыра үйірмесі (жетекшісі Манатауова Г.К.) және «Мәр-мәр» жетіген үйірмесінің (жетекшісі Абибекова Н.Д. ) өнерпаздары «Кербез сұлу» «Көңілашар» күйлерімен ашты.
🔺«№1 Оқушылар үйінің» директоры, басшы-көшбасшы Кожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы Ұлы Жеңістің маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қатысушыларға сәттілік тіледі.
🔺Қазылар алқасы:
•Түймегүл Ибашова – «Заң» журналының бас редакторы, Ақпарат саласының үздігі, ақын.
•Ержанат Байқабай – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан мәдениет саласының үздігі, халықаралық айтыстардың бас жүлдегері.
•Таушова Жаңылсын Шаяхметқызы – республикалық және қалалық айтыстардың жүлдегері, журналист, «Жүзден жүйрік» айтыс үйірмесінің жетекшісі.
🔺Байқау екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – «Менің жүрегімдегі жеңіс» тақырыбына арналған авторлық өлеңдерін оқыды
Екінші кезең – ақындар арнайы тақырыпта 10 минут ішінде өлең шығарды.
Байқау барысында қатысушылар батырлық пен ерлікке толы жырларын оқып, көрермендерді рухани серпілтті. Олардың шығармалары еліміздің тарихын, халқымыздың жеңіске жету жолындағы ерлік істерін бейнеледі.
🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР:
1-орын: Құсайын Асқар (№169 МЛ)
2-орын: Ермекбай Ерсұлтан (№154 ЖББМ); Сыбанқұл Адемі (№182 МГ)
3-орын:
Іргебай Бағжан (№205 ЖББМ)
Қидарбек Рамазан (№164 ЖББМ)
Болатқызы Жанерке (№180 МГ)
Ынталандыруға ие болғандар:
Әкімхан Дастан (№26 ЖББМ)
Бейсетан Әнел (№41 ЖББМ)
Ерболат Көркем (№91 ЖББМ)
Мадешова Шынар (№114 ЖББМ)
Абдувахитова Аружан (№149 ЖББМ) Тұрарбек Аяна (№185 МГ)
Көптілеу Әсел (№204 ЖББМ)
Серік Бақдәулет (№166 МЛ)
🔺Бұл кеш – тек өткенді еске алу ғана емес, болашақ ұрпақтың бойына рух пен патриоттық сезім ұялататын ерекше шара болды.