26
февраль
2026
“ Айтыс - сөздің майданы” атты қалалық жас ақындар айтысы


“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республика күніне орай өткен “ Айтыс - сөздің майданы” атты қалалық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
⚜️Сахна төрінде суырыпсалма өнердің шеберлері терең мазмұнды, отты айтыс өрбітіп,көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Бостандық ауданының 10 сынып оқушысы Інжу Батырхан айтыстың бас жүлдесін көркем келбет, тәрбиелі тартыс, сұлу сөзбен жеңіп алды. Барлық қатысушылардың жалынды жырлары ұрпақ санасында жаңғырып, қазақ айтысының мәңгі жасай берер көрінісін көрсетті.