№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » Авторлық бағдарлама бойынша тәжірибені таратуға арналған ҚАЛАЛЫҚ ВЕБИНАР
26
февраль
2026

Авторлық бағдарлама бойынша тәжірибені таратуға арналған ҚАЛАЛЫҚ ВЕБИНАР



2025 жылғы 29 желтоқсанда Алматы қаласы Білім басқармасы «№1 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен педагог-зерттеуші санатына өтініш берген педагогтердің авторлық бағдарламалары негізінде тәжірибесін таратуға арналған қалалық вебинар өткізілді.
🔹  Вебинар Zoom платформасы арқылы өтіп, Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарынан қатысқан 35 қосымша білім беру педагогын қамтыды.
🔹  Іс-шараны №1 Оқушылар үйінің директоры Кожахметов Д.С. ашып, педагогтердің авторлық бағдарламаларының әдістемелік құндылығына және озық педагогикалық тәжірибені таратудағы маңыздылығына тоқталды.
🎨  Старожилова Л.Е. – «Бисероплетение» элективті, қолданбалы курс бағдарламасын таныстырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тәжірибесімен бөлісті.Хиттенов А.Б. – «Музыка сабағында ойын технологияларын қолданудың заманауи әдістері» бағдарламасы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мен шығармашылық белсенділігін дамыту жолдарын көрсетті.
💬  Вебинар барысында педагогтар авторлық бағдарламаларды білім беру үдерісіне енгізу, бейімдеу және тәжірибеде қолдану жолдары бойынша пікір алмасып, практикалық кеңестер алды.
 📎  Семинар материалдары Қалалық ғылыми-әдістемелік жаңа технологиялар орталығына жолданды.

 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив