12
май
2026
«Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам» аудандық пікірсайыс
📚 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйіндеақырыбында«Даму CUP II» Алатау «Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам» аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Байқауды №1 Оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Атамбекова Раушан Тургановна ашып берді.
📖 Білім мен ой еркіндігін ұштастырған бұл алаңда жастар кітап мәдениеті мен заманауи технологияның болашағы туралы өз көзқарастарын білдіріп, пікірталас мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.
✨ Кітап — өткеннің мұрасы, цифрлы технология — болашақтың мүмкіндігі.
Ал бүгінгі жас буын — осы екеуін байланыстыратын алтын көпір!
Қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және қолдау білдірген барша жанға алғысымызды білдіреміз!