№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » МЕНІҢ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ!
24
октябрь
2024

МЕНІҢ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ!



⚜️ҚР Президенті Жарлығымен 25 қазан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні, деп жарияланды.
⚜️Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің  тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат. 
⚜️«№1 Оқушылар үйінде» осы мереке қарсаңында «МЕНІҢ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты салттанатты іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада мекеме басшысы, басшы-көшбасшы Кожахметов Дауирхан Сейдалыұлы өз ізгі тілегі мен ниетін білдіріп, оқушылар, ұстаздар, ата-аналарды ұлттық мерекемен құттықтады. Вокал, би, домбыра, жетіген үйірме шәкірттері ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. 
⚜️Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив