№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Желбіре, Жеңіс жалауы» патриоттық әндер байқауы
03
сентябрь
2025

«Желбіре, Жеңіс жалауы» патриоттық әндер байқауы

«Желбіре, Жеңіс жалауы» патриоттық әндер байқауы
 

🇰🇿14 наурыз күні Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «1 Оқушылар үйінде» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауы өтті. 
Бұл байқаудың басты мақсаты – оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және жас таланттарды қолдау.
🇰🇿Қатысушылар екі жас санаты бойынша өнер көрсетті:
- Кіші топ: 9-12 жас
- Орта топ: 13-16 жас
🇰🇿Байқауға жеке орындаушылармен қатар, дуэт, трио, квартет және вокалдық топтар да қатысты. Әр қатысушы патриоттық рухты сезіндіре отырып, туған жерге деген махаббатты асқақтата білді.
🇰🇿Бағалау критерийлері:
- Дауыстың тазалығы мен диапазоны 
- Әннің мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі 
- Орындау шеберлігі және сахна мәдениеті 
🇰🇿Өнерлі өрендерге сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірген «№1 Оқушылар үйінің» директоры, басшы-көшбасшы Кожахметов Дауирхан Сейдалиевич сәттілік тіледі. 
🇰🇿Әділқазы құрамында: 
ҚР Мәдениет саласының үздігі, қылқобызшы - Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы
Қазақ өнерінің мәдениет қайраткері,дарынды ұстазиегері,продюсер әнші-жетігенші - Абибекова Назгуль Данелкановна
Өнертану ғылымдарының магистрі, Музыкатанушы, композитор, музыкалық продюсер, саунд-дизайнер – Назым Мұхадиева.
🇰🇿Бұл шара жас таланттарға үлкен шабыт сыйлап, патриоттық сезімнің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив