№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «ӘН САЛШЫ БІР БАЛА АЙ» атты жас дәстүрлі әншілер байқауы
03
сентябрь
2025

«ӘН САЛШЫ БІР БАЛА АЙ» атты жас дәстүрлі әншілер байқауы

11 сәуір Алматы қаласы Білім Басқармасы №1 Оқушылар үйінде  ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында «ӘН САЛШЫ БІР БАЛА АЙ» атты  жас дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
 Дарынды оқушылардың бойындағы өнердің көзін ашып олардың шығармашылығын дамыту үшін қолға алған мәдени іс шара,  дәстүрлі ән айтудың рөлін, ой ұшқырлығын және рухты жетілдіру мақсатында №1 Оқушылар үйінде  бірінші рет өткізілді. Жас ерекшелігі және орындалуы бойынша төрт топқа бөлінген байқауға қала бойынша 70 тен аса бала қатысты.
⚜️Әр ауданнан іріктеліп келген дарынды балаларға 
-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Дәрібаев Самал Дәрібайұлы
- Мәдениет саласының үздігі, Мәдениет майталманы, Мемлекеттік Нұрғиса Тілендиев атындағы  фольклорлы этнографиялық ОТЫРАР САЗЫ оркестрінің әртісі Дабысқалиева Гүлбаршын Шайтқызы
- Қазақ өнерінің мәдениет қайраткері,Серілер тобының мүшесі,режиссер Күнтуған Солтан
- Өнертану ғылымдарының магистрі, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің Халық аспаптар бөлімінің ұстазы, дәстүрлі әнші- Шарипова Мадина Жамбылқызы қазылық етті.

⚜️Ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры ол – тәрбие. Сондықтан да ар-намысты, адал- патриот, жауапкершілігі мол, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін шығармашыл азаматты тәрбиелеу бүгінгі таңда өте маңызды. Ал осындай керемет қасиетке ие болу үшін, баланы баба дәстүріне, ана тіліне, ғасырлардан үзілмей келе жатқан мәнді мәдениетімізбен өнегелі өнерге баулу керек.
[media=https://youtube.com/shorts/OPcw47Kr8QE?feature=share]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив