№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » "Тамырым - тарихта, түбірім - тұлғада"
17
февраль
2026

"Тамырым - тарихта, түбірім - тұлғада"



“Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Тамырым - тарихта, түбірім - тұлғада",- атты қала күніне орай «Жас ақындар» мүшәйрасы өтті. 8 ауданнан 60 тан аса оқушы қатысқан іс шара қазақтың төл өнері Айтысты насихаттау үшін ұйымдастырылған. Байқауға белсене араласып, өз шығармашылығы арқылы көркем сөз өнерін көпшілікке дәріптеген жас ақындар үш кезең бойынша бақ сынасты. Сөз саптаудан сұлулық танытып, әрі сахнада өзін өзі еркін ұстаған болашақ жеткіншектер поэзия мен айтысқа деген ынта-жігерін жарқын жырларымен тудыра білді. Қазылар алқасының әділ шешімімен суырылып шыққан 10 оқушы, төрешілердің берген қос жол қара өлеңін көркем жалғастырып, керемет қайым айтыс жасады. Бірінші орынды тең бөліп алған Бірімқұлов Мұхамедәлі мен Әкімхан Дастан көрермендер көзайымына айналды. Жеңімпаздарға 1.2,3 дәрежелі дипломдар табысталып, қатысқан барлық оқушылар Алғыс хатпен марапатталды. Болашақ айтыскерлерге шығармашылық шабыт пен биік жетістіктер тілейміз!


[media=https://www.youtube.com/shorts/YAA4NMvsT_k ] 

 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив