26
февраль
2026
“ Менің Қазақстаным” атты Алатау аудандық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында сурет салудан байқау

Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республика күніне орай “ Менің Қазақстаным” атты Алатау аудандық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында сурет салудан байқау өтті.🖼️Бұл іс - шараның мақсаты балаларды Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, мақтаныш пен құрметке тәрбиелеу, патриоттық сезімді және Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуді қалыптастыру.🇰🇿
Балалар өз туындыларында байтақ елімізді, асқар тауларымыз бен өзен көлдерімізді, еңселі ел орданы, биік бәйтеректі,Республикамызды мекендейтін халықтардың ынтымағын, достығы мен бірлігін көрсетті.✨Жас ерекшелігі бойынша үш топқа бөлінген жарысқа ауданның 30 дан аса мектебінен 100 ге жуық оқушы қатысты. Алатау ауданы Білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталған барлық балалардың жұмыс деңгейі қазылар алқасының шешімімен өте жоғары бағаланды.