№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Тоғыз тосқауыл» танымдық-интеллектуалдық білім сайысы
26
февраль
2026

«Тоғыз тосқауыл» танымдық-интеллектуалдық білім сайысы











28.11.2025 жылы №1 Оқушылар үйінде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен қалалық «Тоғыз тосқауыл» танымдық-интеллектуалдық білім сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараны №1 Оқушылар үйінің директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы ресми түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тілей отырып, байқаудың маңыздылығын атап өтті.
 «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткен бұл сайыс өз мәресіне жетті. Әр ауданнан іріктеліп келген ең үздік 8 команда өзара бақ сынасты. Олар:
Алатау ауданы – «АЛАТАУ АРЛАНДАРЫ»
Алмалы ауданы – «СЕРПІН»
Әуезов ауданы – «ЖАЛЫН»
Бостандық ауданы – «МҰЗБАЛАҚ»
Жетісу ауданы – «ЖЕТІСУ ҚЫРАНДАРЫ»
Медеу ауданы – «ТОПЖАРҒАН»
Түрксіб ауданы – «ЖАСЫН»
 Алты баладан құралған әр топ тоғыз кезең бойынша сайысып, түрлі бағыттағы күрделі тосқауылдарды еңсерді:
1-кезең – «ЖАҢҒЫРЫҚ»
2-кезең – «ЖЫРДАРИЯ»
3-кезең – «СӨЗ АСЫЛЫ»
4-кезең – «ӨНЕГЕ»
5-кезең – «ЖӘДІГЕР»
6-кезең – «МАҒАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ»
7-кезең – «ШАМШЫРАҚ»
8-кезең – «МИРАС»
9-кезең – «САРЫН»
✨ Сайыстың әділ бағасын берген қазылар алқасы:
    1.    Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – Кабдушев Болат Жоламанұлы.
    2.    Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, «Педагогика және психология» институты директорының орынбасары, профессор – Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы.
    3.    Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты – Қалдыбай Бақытгүл.
✨ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ:
🥇 1 орын – Медеу ауданы «ТОПЖАРҒАН»
🥈 2 орын – Бостандық ауданы «МҰЗБАЛАҚ»
🥉 3 орын – Наурызбай ауданы «САМҰРЫҚ»
🎗️ Барлық қатысушылар белсенділік танытқаны үшін және арнайы номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив