26
февраль
2026
«ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚОЛӨНЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Бүгін №1 Оқушылар үйінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сәндік-қолданбалы қолөнерден шеберлік сағаты өткізілді.🎨 Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды қолөнерге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке құрмет пен адал еңбектің маңызын ұғындыру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
👩🏫 Алматы қаласының 8 ауданынан 30-ға жуық қосымша білім беру педагогтері қатысқан шеберлік сағатын мекеме басшысы Қожахметов Дауірхан Сейдалыұлы ашып берді. Қолөнер арқылы оқушылардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне кіріктіру жөнінде тәжірибе алмасуға келген барлық педагогтерге алғысымызды білдіреміз.
✨ Мұндай мазмұнды кездесулер адал еңбекке негізделген тәрбиенің маңызын арттырады.