№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Жыр алыбы - Жамбыл»
26
февраль
2026

«Жыр алыбы - Жамбыл»

Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысының Алатау аудандық іріктеу кезеңі өтті.
✨Жыр жарысының сахнасын Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы ашып берді.
✨Екі номинация бойынша (тақырыптық, қайым) өткен сөз сайысында суырылып шыққан №26 ЖББМ оқушысы Әкімхан Дастан, қайым айтыс бойынша қалалық айтысқа жолдама алды. Алатау ауданының тақырыптық айтыс бойынша намысын №182 ЖББМ оқушысы Сыбанқұл Әдемі қорғайтын болады.
✨Айтысқа қатысқан барлық ақындар, сондай-ақ жетекшілері Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімі басшысының қолы қойылған грамоталармен марапатталынды. Айтыс – халқымыздың рухани болмысының айнасы, ғасырлардан жеткен қасиетті өнер. Оны қастерлеу, жаңа дәуірдің тынысымен қайта түлету және жас ұрпақтың санасына сіңіру – бәрімізге ортақ міндет.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив