07
апрель
2026
"Сөз бен саз" руспубликалық байқау
✨10 наурыз күні,Алматы қаласы Білім Басқармасы №1 Оқушылар үйінде “Сөз бен саз” республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі аясында өткен «ӘН САЛШЫ БІР БАЛА-АЙ» атты жас дәстүрлі әншілер байқауы өтті.✨ Дарынды оқушылардың бойындағы өнердің көзін ашып, олардың шығармашылығын дамыту үшін қолға алған мәдени іс-шара, дәстүрлі ән айтудың рөлін, ой ұшқырлығын және рухты жетілдіру мақсатында №1 Оқушылар үйінде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Жас ерекшелігі және орындалуы бойынша үлкен және кіші топқа бөлінген байқауға қала бойынша 60тан аса бала қатысты.
✨ Әр ауданнан іріктеліп келген дарынды балаларға — ҚР Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы “Халық әні” кафедрасының аға оқытушысы, “Ұлағатты ұстаз” төс белгісінің иегері — Қарабалина Эльза Жеңісқызы; актер, композитор — Аққу Байжігіт; дәстүрлі әнші — Қалданова Ақмарал Қалыбайқызы қазылық етті. Байқауды №1 Оқушылар үйінің директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы ашып берді.
✨ Байқау тартысты әрі жоғары деңгейде өтті.