№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Күмбірле күміс домбыра» атты жас күйшілердің сайысы
12
май
2026

«Күмбірле күміс домбыра» атты жас күйшілердің сайысы

Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде “Сөз бен саз” республикалық байқауының қалалық іріктеуі аясында “Күмбірле, күміс домбыра” атты жас күйшілер сайысы өтті.Аудандық кезеңнен іріктеліп келген 8 аймақтан 20-дан астам жас күйші өз өнерін ортаға салған байқауды №1 Оқушылар үйінің директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы ашып, жас орындаушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар төкпе және шертпе күй орындаумен қатар қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындап, шеберліктерін көрсетті. Орындаушылық деңгейі жоғары болғандықтан, қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады.Байқау үлкен және кіші топ арасында өткізілді. Нәтижесінде кіші топ бойынша Нұрахмет Алинур ал үлкен топ бойынша Жарқынбек Ерсұлтан жеңімпаз атанып, мамыр айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Байқау қорытындысында барлық дипломанттар мен лауреаттарға Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының қолы қойылған мақтау қағаздары мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Ұлттық өнерді насихаттап жүрген жас күйшілерге шығармашылық табыс тілейміз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив