№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Гүлдер вальсі – 2026. Дала гүлдері»
12
май
2026

«Гүлдер вальсі – 2026. Дала гүлдері»

🌸«Гүлдер вальсі – 2026. Дала гүлдері»🌸                                                                                                                    Бүгін №1 Оқушылар үйінде қалалық «Гүлдер вальсі – 2026. Дала гүлдері» атты бисерден қолөнер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
🌿 Байқауға 20-ға жуық дарынды оқушы қатысып, өздерінің шығармашылық шеберлігін, көркемдік талғамын және табиғат сұлулығын сезіне білетін ерекше қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар дала гүлдерінің нәзіктігі мен әсемдігін бисерден түрлі техника арқылы бейнелеп, әр жұмыста ерекше идея мен шығармашылық ізденіс байқалды.

🌼 Байқаудың ұйымдастырушысы – №1 Оқушылар үйінің «Радуга бисера» үйірмесінің жетекшісі Старожилова Людмила Евгеньевна. Ұйымдастырушының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық бастамасының арқасында байқау қатысушыларға шабыт сыйлаған жарқын өнер мерекесіне айналды.

✨ Іс-шара жас таланттарды қолдау, олардың эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және өнер арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

💐 Байқау барысында оқушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеяларға шабыт алып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Жас өнерпаздардың еңбегі жоғары бағаланып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

🌷БАРША ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!✨
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив