№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Бояулар құпиясы» байқау
12
май
2026

«Бояулар құпиясы» байқау

🎨 Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде республикалық «Бояулар құпиясы» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Өнер мен шығармашылықты дәріптейтін бұл байқау жас суретшілердің таланты мен қиялын ұштастырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды. Байқаудың салтанатты ашылу рәсімін Алатау ауданы білім бөлімінің әдіскері Марс Ерасыл Марсұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жас дарындарға шабыт беретін жылы лебізін білдірді.
Аталған байқауға 12–14 және 15–17 жас ерекшелігі бойынша аудан мектептерінен 60-қа жуық оқушы қатысып, өздерінің ерекше шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар бояу арқылы ойларын жеткізіп, әр туындысында өзіндік көзқарас пен терең мағына көрсете білді.
Байқау барысында жас суретшілердің шеберлігі, композициялық шешімі, түстер үйлесімі мен көркемдік талғамы әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Әр жұмыс — баланың ішкі әлемі мен шығармашылық ізденісінің көрінісі болды.
Осындай байқаулар жас таланттарды қолдап, олардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен үлкен жеңістер тілейміз! ✨

#БояуларҚұпиясы #ОқушыларҮйі #АлматыБілімБасқармасы #ЖасСуретшілер #Шығармашылық #БалаларӨнері
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив