№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «Жігіт сұлтаны - 2026» байқауы
12
май
2026

«Жігіт сұлтаны - 2026» байқауы

Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінде Алатау аудандық жалпы білім беретін мектептер арасында алғаш рет «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті.  

Байқауға ауданның ең үздік деп танылған 20 жігіті қатысып, өздерінің өнерін, білімін, тапқырлығын, сахна мәдениеті мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті.  
Салтанатты шараны директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Атамбекова Раушан Тургановна ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  
Қазылар алқасы құрамында:  
✨ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері, 1994 жылғы республикалық «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы Жалғас Толғанбай;  
✨ ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Отырар сазы» оркестрінің концертмейстрі Жүгінісов Құрманбек;  
✨ Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Ғалия Манатауова әділ бағаларын берді.  
«Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, сахна мәдениетін қалыптастыруға және нағыз жігітке тән қасиеттерді дәріптеуге бағытталған мазмұнды шара болды.  
Қатысушы жігіттерге алдағы белестерде үлкен жетістіктер тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив