№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » №1 Оқушылар үйінде терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді
12
май
2026

№1 Оқушылар үйінде терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді

 №1 Оқушылар үйінде қызметкерлер мен педагогикалық құрамға арналған маңызды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — білім беру мекемелерінде антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.Кездесу барысында қатысушыларға терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізер кері әсері кеңінен түсіндіріліп, олардың алдын алу жолдары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, антитеррористік сана қалыптастыру, қауіпті жағдайлардың туындауына себеп болатын факторларды жою, сондай-ақ мұндай қауіптердің алдын алу бойынша нақты шаралар талқыланды.
Іс-шарада төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстау, күдікті жағдайларды дер кезінде анықтау, қауіп төнген жағдайда жедел әрі сауатты әрекет ету дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға практикалық кеңестер беріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығы атап өтілді.
Аталған жиында спикер ретінде Алматы қаласы Полиция департаментінің терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкері, полиция капитаны Абуталипов Бектур Багдатович сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында қазіргі кездегі қауіп-қатерлерге тоқталып, олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар мен заң талаптарын түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға үлкен ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив