№1
Телефоны приемной:
+7 (727) 381–40–55
+7 (727) 381–40–58
Версия для
слабовидящих
» » «ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ЖЫР» — ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ
22
сентябрь
2026

«ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ЖЫР» — ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

     Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар үйінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар арасында «Цифрлы дәуірдегі жыр» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
✨Шығармашылық сайыс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды.
✨Мүшәйраға Алматы қаласының 8 ауданынан 45 жас ақын қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ақындық шеберліктерін ортаға салды. Белсенділігімен көзге түскен алғыр оқушылар заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, мазмұнды шығармалар ұсынды.
✨Ерекше форматта ұйымдастырылған байқау 3 кезеңнен тұрды. Қатысушыларға поэзиялық туындыларын орындаумен қатар, цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін шығармашылық тұрғыда пайдалану тапсырылды. Атап айтқанда, оқушылар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, ЖИ тақырыбына арналған өлеңдер жазып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
✨Мүшәйраны №1 Оқушылар үйінің директоры Қожахметов Дәуірхан Сейдалыұлы ашып, жас талапкерлерге сәттілік тілеп, шығармашылық ізденістеріне табыс тіледі.
✨Ұлттық рух пен цифрлық мүмкіндіктер тоғысқан мүшәйра жас ақындардың жаңа қырын танытып, олардың заманауи ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденісін айқындады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив